Қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі семинар

24.11.2026

2026 жылғы 23 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары «Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау сапасын арттыру» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Іс-шараға орталық мемлекеттік органдардың 30-ға жуық өкілі қатысты.

Семинар теориялық және практикалық екі кезеңнен тұрды. Семинардың теориялық бөлігінде Сараптама орталығының директоры Тен Карина заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу тәртібін түсіндірді. Сараптама орталығы директорының орынбасары Байканова Айдана қатысушыларға Қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорттың құрылымын түсіндіріп, оның әрбір бөлімін толтыру бойынша түсініктемелер берді.

Практикалық бөлімде қатысушылар кейстермен жұмыс істеді: әлеуметтік-экономикалық салдарды бағалау паспортының бөлімдерін, әсіресе пайда мен шығындарға арналған бөлімін толтыру бойынша практикалық тапсырмаларды орындады. Практикалық жұмыстың қорытындысы бойынша ең көп кездесетін қателер қаралып, заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалауды дайындау кезінде туындайтын мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Семинар қатысушыларға заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалаудың әдістемесімен және тиімді тәсілдерімен танысуға мүмкіндік беріп, қабылданатын шешімдердің сапасын, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қабылданатын заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау саласындағы кәсіби құзыретін арттыруға жәрдемдесті.



Қарау саны: 21
Сақталған: 24.11.2026






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!