Республика күні қарсаңында Экономикалық зерттеулер институтының үш қызметкері кәсіби жетістіктері мен ел экономикасының дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.
Сараптама орталығы директорының орынбасары А.Е. Әсенова «Салаға қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды. Бұл марапат өз міндеттерін адал әрі кәсіби атқаратын, кемінде 15 жыл еңбек өтілі бар мамандарға табысталады. А.Е. Әсенова мемлекеттік реттеу саясатын жетілдіру, реттеушілік әсерді талдау және кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы зерттеулерге елеулі үлес қосып келеді.
Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі хатшылық директорының орынбасары Д.Ф. Гафятуллина «Экономика саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Аталған төсбелгі экономика саласында кемінде 10 жыл еңбек етіп, оның дамуына елеулі үлес қосқан білікті мамандарға беріледі.
Ал Әлемдік экономиканы зерттеу орталығы директорының орынбасары А.Е. Тасмағамбетованың кәсіби еңбегі мен жетістіктері Алғыс хатпен атап өтілді.
Институт ұжымы әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтайды! Оларға жаңа белестерді бағындырып, еліміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріне табыс тілейміз!