COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары
30.09.2020
Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру мәселелері 7 қазанда «COVID-19: a challenge for economic growth» («COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары») халықаралық конференциясында онлайн форматта талқыланады. Конференцияны Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырады. ⠀ Бұл әлемдік экономикалық қоғамдастықтың ортақ диалогына ғалымдарды шақыра отырып, зерттеу институттарының онлайн-конференцияларын өткізудің алғашқы халықаралық форматы. Сессияның жұмыс тілі-ағылшын. ⠀ Спикерлер: Нұрбек Ергешбаев «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) Басқарма төрағасының кеңесшісі, Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының басшысы. ⠀ Қуаныш Бейсенғазин ERI Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры ⠀ Prof. Claude Abitbol (Профессор Клод Абитболь) Сорбонна Университетінің профессоры Париж Декарт (Франция) Dr Lars Handrich (Ларс Хандрич) Неміс экономикалық зерттеулер институты (DIW Berlin) DIW Econ консалтингтік компаниясының Басқарушы директоры (Germany) ⠀ Mr. Pieter Cleppe (Питер Клеппе мырза) Меншік құқығы альянсының Ғылыми қызметкері (Бельгия) ⠀ Mr. Jean-Pierre Cordier (Жан-Пьер Кордье мырза) «Société d'Encouragement pour l'Industrie Nationale» халықаралық комиссия президенті (Франция) ⠀ Paolo Sorbello (Паоло Сорбелло) Ғылыми қызметкер, Кавказ және Орталық Азия обсерваториясының атқару комитетінің мүшесі (Италия) ⠀ Бірнеше тақырыптық пікірталастар барысында еуропалық мемлекеттердің өкілдері мен отандық сарапшылар пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру контекстінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талқылайды. ⠀ Макроэкономист ғалымдар мен зерттеушілер жаһандық және өңірлік үрдістерді, инвестициялар тарту саласындағы қазіргі және болашақтағы сын-қатерлерді және оларды еңсерудің ықтимал тиімді құралдарын айқындайды. ⠀ Экономикалардың қалыпты өсу дәуірі келе жатыр. Дамушы және дамыған елдер арасындағы алшақтық артып, энергия ресурстарына сұраныс төмендейді. Әлемдегі көптеген экономикаларды тежеген COVID-19 коронавирус пандемиясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бері әлемдік энергетикалық нарық үшін ең үлкен соққы болды. ⠀ Әрі қарай қай бағытта жүру керек? Жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) құру 2020 жылы 5% - ға өсуі мүмкін. COVID-19 - ды тежеуге бағытталған шектеу шаралары жел, күн, су және атом энергетикасын қоса алғанда, балама, төмен көміртекті энергия көздерін пайдаланудың айтарлықтай өсуіне әкелді… ⠀ Алдағы конференцияда қазақстандық және әлемдік экономиканы қалпына келтіру перспективалары, жаһандық энергетикалық нарықтың әлеуеті, климаттың өзгеруі және жаңартылатын энергия көздерінің рөлі туралы әңгімелейтін боламыз. ⠀ «COVID-19: a challenge for economic growth» халықаралық онлайн конференциясына келесі сәрсенбі күні, 7 қазанда сағат 14.00-де Институттың YouTube арнасында қосылыңыз.
Қарау саны: 6106 |
|
|