COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары

30.09.2020

Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру мәселелері 7 қазанда «COVID-19: a challenge for economic growth» («COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары») халықаралық конференциясында онлайн форматта талқыланады.


Конференцияны Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырады.

Бұл әлемдік экономикалық қоғамдастықтың ортақ диалогына ғалымдарды шақыра отырып, зерттеу институттарының онлайн-конференцияларын өткізудің алғашқы халықаралық форматы.


Сессияның жұмыс тілі-ағылшын.

Спикерлер:


Нұрбек Ергешбаев

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ERI) Басқарма төрағасының кеңесшісі, Ұлттық байланыс орталығы (ҰБО) Хатшылығының басшысы.

Қуаныш Бейсенғазин

ERI Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры

Prof. Claude Abitbol (Профессор Клод Абитболь)

Сорбонна Университетінің профессоры Париж Декарт (Франция)


Dr Lars Handrich (Ларс Хандрич)

Неміс экономикалық зерттеулер институты (DIW Berlin) DIW Econ консалтингтік компаниясының  Басқарушы директоры (Germany)

Mr. Pieter Cleppe (Питер Клеппе мырза)

Меншік құқығы альянсының Ғылыми қызметкері (Бельгия)

Mr. Jean-Pierre Cordier (Жан-Пьер Кордье мырза)

«Société d'Encouragement pour l'Industrie Nationale» халықаралық комиссия президенті (Франция)

Paolo Sorbello (Паоло Сорбелло)

Ғылыми қызметкер, Кавказ және Орталық Азия обсерваториясының атқару комитетінің мүшесі (Италия)


Бірнеше тақырыптық пікірталастар барысында еуропалық мемлекеттердің өкілдері мен отандық сарапшылар пандемиядан кейінгі экономиканы қалпына келтіру контекстінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін талқылайды.

Макроэкономист ғалымдар мен зерттеушілер жаһандық және өңірлік үрдістерді, инвестициялар тарту саласындағы қазіргі және болашақтағы сын-қатерлерді және оларды еңсерудің ықтимал тиімді құралдарын айқындайды.

Экономикалардың қалыпты өсу дәуірі келе жатыр. Дамушы және дамыған елдер арасындағы алшақтық артып, энергия ресурстарына сұраныс төмендейді.

Әлемдегі көптеген экономикаларды тежеген COVID-19 коронавирус пандемиясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі уақыттан бері әлемдік энергетикалық нарық үшін ең үлкен соққы болды.

Әрі қарай қай бағытта жүру керек?


Жаңғыртылатын энергия көздерін (ЖЭК) құру 2020 жылы 5% - ға өсуі мүмкін.


COVID-19 - ды тежеуге бағытталған шектеу шаралары жел, күн, су және атом энергетикасын қоса алғанда, балама, төмен көміртекті энергия көздерін пайдаланудың айтарлықтай өсуіне әкелді…

Алдағы конференцияда қазақстандық және әлемдік экономиканы қалпына келтіру перспективалары, жаһандық энергетикалық нарықтың әлеуеті, климаттың өзгеруі және жаңартылатын энергия көздерінің рөлі туралы әңгімелейтін боламыз.

«COVID-19: a challenge for economic growth» халықаралық онлайн конференциясына келесі сәрсенбі күні, 7 қазанда сағат 14.00-де Институттың YouTube арнасында қосылыңыз.



Қарау саны: 6105
Сақталған: 07.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!