COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары

01.10.2020

COVID-19 пандемиясы әлемдік экономиканы экономикалық құлдырауға итермеледі. Бұл мәселелердің ерте кезеңде бар екенін мойындай отырып, Қазақстан Үкіметі індеттің алдын алу мақсатында тез әрекет етті.

Қазақстанда терең дағдарыстың алдын алу және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтуды қолдау үшін үкімет дағдарысқа қарсы шаралардың ауқымды топтамасын жүзеге асырады. 

 

COVID 19 салдарымен күресу үшін 6,2 трлн. теңге немесе ЖІӨ-нің шамамен 9% бөлінді. Тіпті дамыған елдермен салыстырғанда бұл айтарлықтай үлкен қаражат көлемі. Мысалы, G20 елдерінің дағдарысқа қарсы шаралары орта есеппен ЖІӨ-нің 5% - ын, Германия ЖІӨ-нің 10% - ын, Жапония 11% - ын, Ресей ЖІӨ-нің 4% - ын құрады.

 

Қай салалар ең көп зардап шекті? 

Осы күрделі кезеңде мемлекет қалай және кімге көмектеседі? 

Бұл шаралардың әсері қандай?

 

Осы және басқа да сұрақтарға Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Қуаныш Бейсенғазин жауап береді. 

 

Бейсенғазин мырза Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдаманы, Ұлттық экспорттық стратегияны әзірлеуге және басқа да зерттеулерге белсене қатысты. 

 

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі болып табылады Bocconi University (Милан, Италия) магистратурасында оқыды. 

 

«COVID-19: a challenge for economic growth» халықаралық онлайн конференциясына келесі сәрсенбі күні, 7 қазанда сағат 14.00-де Институттың YouTube арнасында қосылыңыз.



Қарау саны: 6048
Сақталған: 01.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!