COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары

02.10.2020

7 қазанда онлайн-форматта COVID-19: a challenge for economic growth («COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары») халықаралық конференциясы өтеді.

Спикерлердің бірі профессор Claude Abitbol (Клод Абитболь, Сорбонна Париж университеті). Ғалымның баяндамасында «Экономиканы қалпына келтіру туралы ойлар, үздік әлемдік тәжірибелер» делінген. 

Абитболь мырза Франция, Еуропа және Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың ғылыми-технологиялық және мәдени бағдарламаларымен айналысады. Оның зерттеулері медицинаны, көлікті, энергетиканы, қоршаған ортаны, Арал мен Семей экожүйелерін, тамақ өнеркәсібін дамытуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді қалыптастыруға, басқаруға арналған.

Халықаралық сарапшы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін бұрыннан зерттеп келеді-2007 жылдан бастап 2010 жылға дейін ҚР-дағы Франция Елшілігінің ғылыми кеңесшісі қызметін атқарды.

Пандемия мен карантиндермен күшейтілген экономикалық дағдарыстан шығу әр түрлі елдерде белгілі бір қарқынмен жүреді. Бұл Еуропа мен Азияның экономикасын қалпына келтіру процестерінен айқын көрінеді. Сонымен қатар, кез-келген дағдарыс әлемнің экономикалары үшін жалпы үрдіс болып табылатын түбегейлі өзгерістердің хабаршысы болып табылады. Осылайша, қазір капитал ағындары жаппай қайта бөлігіп жатыр. Жаһандық өндірістік тізбектер өзгеріп, халықаралық сауда көлемі, ең алдымен, дәстүрлі салаларда қысқаратын болады. Жаһандық трансформациялардың жаңа бағыттары олардың қоғамы мен мемлекеттері туралы хабардар болу, оларға бейімделу үшін көп уақытты қажет етеді.

Осыдан мынадай сұрақ туындайды: экономика үшін қажетті қаражат ағынын қайдан күтуге болады?

Әрқашан бірнеше нұсқа бар. Жаңа форматтағы кәсіпорындар, үкіметтердің өзара іс-қимылы, әлеуметтік шаралар экономикалық өсуге ықпал етуі мүмкін. Сонымен қатар, шетелдік инвестицияларды тарту мүмкіндігі де бар…

Экономикалық зерттеулер институты Сіздерді Қазақстан экономикасын қалпына келтіру тақырыбындағы ашық пікірталасқа шақырады.

Біздің шетелдік қонақтарымыз макроэкономика саласындағы білімдерімен, талдамалық болжамдарымен, жергілікті дағдарыстан кейінгі шараларды енгізу мысалдарымен бөліседі.

Жаппай өсу үшін барлық деңгейде ынтымақтастық қажет, сондықтан Сіз де бізге қосылыңыз!





Қарау саны: 6058
Сақталған: 02.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!