COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары

07.10.2020

Бүгін, 7 қазанда сағат 14.00-де онлайн-форматта COVID-19: a challenge for economic growth («COVID-19: экономикалық өсудің сын-талаптары») халықаралық конференциясы өтеді.
Бейнеконференцияның модераторы ретінде ЭЫДҰ Ұлттық байланыс орталығы Хатшылығының Басшысы, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Нұрбек Ергешбаев сөз сөйлейді.

Әр жылдары Нұрбек Ергешбаев Қазақстан Республикасындағы Дүниежүзілік Банктің тәуелсіз кеңесшісі, ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің Кеңесшісі, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы Сауда саясатын дамыту орталығының Экономикалық интеграция департаментінің директоры, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің директоры, «Атакент» қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы» АҚ вице-президенті, Басқарма мүшесі, «QazEXPOCongress» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болды.

Экономикалық зерттеулер институты Сіздерді Қазақстан экономикасын қалпына келтіру тақырыбында ашық пікірталасқа шақырады.

Отандық экономиканы қалпына келтіру қандай болуы мүмкін?
Экономика үшін қажетті қаражат ағынын қайдан күтуге болады? 
Вирустың салдары Үкіметтің экономикалық ынталандыруға бағытталған күш-жігерімен қаншалықты жақын арада оқшауландырылады?
Мұнай коллапсы экспорттаушы елдер мен отын импорттаушылардың экономикасына қалай әсер етеді?
Әр ел үшін дағдарыстан шығу жолы қандай болады?

Біз бүгін сағат 14.00-де COVID-19: a challenge for economic growth конференциясында сөйлесетін боламыз. Тікелей жарияланым – Экономикалық зерттеулер институтының Youtube-арнасында.




Қарау саны: 6019
Сақталған: 07.10.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!