Алдағы 3-5 жылда Қазақстан күш-жігерін екі негізгі дәлізге шоғырландырады: Транскаспий халықаралық көлік бағыты және Солтүстік-Оңтүстік дәлізінің шығыс тармағы. Жүк ағындары мен өткізу қабілеттілігінің өсуі бойынша нақты сандық бағдарлар, сондай-ақ теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғыртудың бекітілген жоспарлары басымдықты белгілейді.
Транскаспий
бағыты (ТХКБ)
Қазақстан
үшін Транскаспий халықаралық көлік
бағыты (Орта дәліз) – Қытай және Орталық
Азия жүктерінің Каспий порттарына, одан
әрі Оңтүстік Кавказ бен Еуропаға шығуын
қамтамасыз ететін негізгі батыс бағыты.
Ел 2030 жылға қарай бағыт бойынша жиынтық
жүк ағынының 10-11 млн тоннаға дейін өсуіне
және Қазақстанға осы бағыттағы негізгі
құрлық-теңіз хабының рөлін бекітуге
бағдарлана отырып, Қытаймен және Каспий
порт кластерімен түйісулердің өткізу
қабілетін рет-ретімен арттырады.
ТХКБ
дамуы жалпы бағыт бойынша қарқынға
сүйенеді. 2021-2024 жылдар кезеңінде Орта
дәліз бойынша жиынтық жүк ағыны 0,84 млн
тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін өсті, 2023
жылға қарай өсім шамамен 62 процентке
жетті. Бағыт үшін 2025 жылға арналған
болжам - 5,2 млн тонна, бұл ретте дәлізге
қатысушы елдерге шамамен 4,2 млн тонна
тиесілі, ал 2,5 млн тонна және шамамен
96 мың TEU құрғақ жүктерді қалыптастырады.
Дүниежүзілік банктің және бейінді
ұйымдардың бағалауында дәліз 2030 жылға
қарай 10-11 млн тоннаға шығу әлеуетімен
қаралады. Орта дәліздің ағымдағы есептік
өткізу қабілеті TEU-да 80-100 мың контейнерді
қосқанда жылына шамамен 6 млн тоннаға
бағаланады. Бұл конфигурацияда
қазақстандық тарап өз учаскесінің
өткізу қабілетін 2027 жылға қарай 10 млн
тонна нысаналы дәліз көлемін қамтамасыз
етуге және 2030 жылға қарай параметрлерді
10-11 млн тонна деңгейінде тұрақтандыруға
мүмкіндік беретін деңгейге жеткізуге
бағдарланады.
Осыған
байланысты ұзындығы 836 км Достық –
Мойынты учаскесінде өткізу қабілетін
кеңейту жобасы аяқталды. Өткізу қабілеті
тәулігіне 12-ден 60 жұп жүк пойызына дейін
ұлғайтылды, бұл Достық – Алашанькоу
түйіні арқылы шамамен 12 млн тоннадан
35 млн тоннадан астам әлеуетке өтуге
сәйкес келеді және жалпы бағыт бойынша
транзиттің өсуіне қуат қорын қалыптастырады.
Сонымен қатар, желінің шығыс конфигурациясын
жабатын және Қытаймен байланысты
күшейтетін Бақты - Аягөз және Қызылжар
- Мойынты желілері іске асырылуда. Орта
дәліздің Батыс бөлігінде Каспийде теңіз
хабының қалыптасуына баса назар
аударылады. Ақтау және Құрық порттарының
жиынтық өткізу қабілеті 21-23 млн тонна
диапазонында бағаланады, Каспий
кластеріне (Ақтау, Құрық, Ақтаудың
солтүстік терминалы) шамамен 23 млн тонна
қуат тиесілі. Теңіз инфрақұрылымын
дамытудың 2028-2030 жылдарға дейінгі
жоспарында Құрық портындағы «Саржа»
терминалын және Ақтаудағы контейнерлік
хабты қоса алғанда, түбін тереңдету,
жаңа астық және мультимодальды терминалдар
құру есебінен мүмкіндіктерді жылына
30 млн тоннаға дейін кеңейту және 200 мың
TEU өңдеуге қол жеткізу көзделген.
Солтүстік
– Оңтүстік дәлізі (Қазақстан арқылы
шығыс тармағы)
Қазақстан
бұл тармақты Үнді мұхитына транзитті
қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызды
деп санайды және оның дамуына белсенді
қатысады. Тасымалдау көлемін ұлғайту,
логистиканы оңтайландыру және
«қиындықтарды» жою бойынша тұрақты
консультациялар жүргізіліп жатыр. Бұл
тармақтың әлеуетті өткізу қабілеті
жылына 15 миллион тонна жүкке бағаланады.
Солтүстік
- Оңтүстік дәлізінің шығыс тармағы үшін
Қазақстан арқылы тасымалдың салыстырмалы
түрде төмен, бірақ өсіп келе жатқан
көлемі тіркеледі. 2023 жылы Қазақстан
аумағы арқылы Солтүстік – Оңтүстік
дәлізінің шығыс тармағы бойынша
тасымалдау көлемі шамамен 2,1 млн тонна,
бұл 2022 жылғы деңгейден 4 пайызға жоғары.
2024 жылдың қорытындысы бойынша көлемі
алдын ала 2,4-2,5 млн тонна шегінде
бағаланады, бұл бағытты пайдаланудың
біртіндеп өсуін растайды.
Қазақстан
аумағы арқылы Солтүстік - Оңтүстік
дәлізі шығыс тармағының ағымдағы өткізу
қабілетін Үкімет жылына 6 млн тоннаға
жуық бағалайды.
2024
жылы шығыс бағытының 2024-2025 жылдарға
арналған әлеуетін синхронды дамыту
бойынша төрт жақты (Иранның қатысуымен)
«Жол картасына» қол қойылды.3
2024 жылы Қазақстан, Ресей, Түрікменстан
және Иран қол қойған Жол картасы бүкіл
бағыттың өткізу қабілетін 2027 жылға
қарай жылына 15 млн тоннаға дейін және
2030 жылға қарай 20 млн тоннаға дейін
жеткізу бойынша бағдарларды белгілейді.
Қазақстан осы уағдаластық шеңберінде
өз аумағындағы учаскелерді жаңғырту,
параметрлерді көрші елдермен үндестіру
және сервистің тиісті деңгейін қамтамасыз
ету жөніндегі міндеттерді анықтады.
Сонымен
қатар тарифтік және институционалдық
құралдар қолданылады. 2024 жылы Қазақстан
арқылы Солтүстік-Оңтүстік транзитіне
50 проценттік жеңілдіктер енгізілді,
сондай -ақ Орта дәліз бойынша консорциумға
ұқсас шығыс тармағында бірыңғай
логистикалық операторды қалыптастыру
бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Трансшекаралық
хабтардың дамуы ел ішінде және көршілермен
байланыста тірек логистикалық тораптарды
құруға байланысты. 2027 жылға қарай
Өзбекстанмен шекаралас «Central Asia» хабын
қоса алғанда, үш ірі логистикалық хабты
іске қосу және Иран мен Біріккен Араб
Әмірліктерінің порттарымен байланыстарды
күшейту жоспарлары бөлек белгіленді.
Бұл жобалар Дарбаза-Мақтаарал желісінің
құрылысымен және оңтүстік бағыттағы
Құрғақ порттар мен терминалдардың
дамуымен толықтырылады.
Екі
магистральдық дәлізді одан әрі дамыту
Қазақстанның барлық логистикалық
экожүйесін кеңейту үшін негіз жасайды.
Алдағы жылдарға жоспарланған шаралар
Орта дәлізбен және Солтүстік - Оңтүстікпен
ғана шектелмейді. Сонымен қатар, құрғақ
порттар, тарату кешендері, ауыстырып
тиеу терминалдары, сақтау аймақтары
және негізгі тораптардағы мультимодальды
хабтар сияқты толық қойма инфрақұрылымын
қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл
элементтер магистральдардың өткізу
қабілетін нақты жүк ағынына жеткізе
алатындықтан, өсудің міндетті бөлігіне
айналады.
Сонымен
бірге ішкі байланыс дамып жатыр: теміржол
учаскелерін жаңғырту, айналма желілерді
құру, ірі қалалардың тораптарын нығайту,
Каспийдегі порт қуаттарын кеңейту және
мультимодальды байламдардың бөлігі
ретінде әуежайлардың рөлін арттыру.
Мұндай контур елге транзиттік учаске
ретінде емес, жүктерді шоғырландыру,
бөлу және өңдеу орталығы ретінде жұмыс
істеуге мүмкіндік береді.
Осылайша,
ТХКБ және Солтүстік - Оңтүстік шығыс
тармағының дамуы негіз құрайды, ал әрі
қарайғы жұмыс осы дәліздердің айналасында
инфрақұрылымдық жүйені құруға ауысады.
Бұған қойма кеңістігін кеңейту,
Өзбекстанмен, Қытаймен, Әзірбайжанмен
және Иранмен терең логистикалық
интеграция, цифрлық қызметтерді күшейту,
қалалық тораптардың өткізу қабілетін
арттыру және сақтау мен қаптамадан
контейнерлік қызмет пен таратуға дейін
қосылған қызметтердің тұрақты тізбегін
қалыптастыру кіреді. Осындай кеңейту
есебінен Қазақстан магистральдық
бағыттарды ғана емес, сонымен қатар
өсіп келе жатқан өңірлік ағындарға
қызмет көрсетуге және ұзақ мерзімді
кезеңде бәсекелестік артықшылық жасауға
қабілетті толыққанды логистикалық
платформаны қалыптастырады.