Пікір айдары


Дүние жүзіндегі ең ірі электр жүйесін декарбонизациялау
02.06.2023
Қытайдың электр жүйесі 2022 жылы 8 849 тераватт-сағат (ТВт/сағ) электр энергиясын өндірумен әлемдегі ең үлкен болып табылады, бұл Америка Құрама Штаттарының (4 524 ТВт сағ), Еуропалық Одақтың (2 842 ТВт сағ) және Жапонияның (1 017 ТВт сағ) жылдық жиынтық өндірісінен асып түседі. Қазақстанда 2022 жылы электр энергиясын өндіру 112,8 ТВт/сағ құрады, бұл Қытайдағыдан 78 есе аз!

Қазақстандағы еңбек нарығының икемділігі артып келеді
01.06.2023
Икемді еңбек нарығы жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы қарым-қатынастың әр түрлі нысандарын дамытуды көздейді, өндіріс шығындарын оңтайландыруға, экономикалық қызметтің кірістілігін арттыруға және халықты жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін қолдауға мүмкіндік береді.

«Бюджеттік саясат» айдары
01.06.2023
ТКШ, көлік және коммуникация, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару қызметіне мемлекеттік бюджеттен соңғы 5 жылда орта есеппен ЖІӨ-нің 1,4%-і жұмсалады.

Еуропадағы газ бағасы тарихи ең төменгі деңгейге түсті
31.05.2023
ICE лондондық биржасында сауда-саттық деректеріне сәйкес, TTF хаб индексі бойынша маусымдағы газ фьючерстері соңғы екі жылдағы бақылаулардың ең төменгі деңгейіне жетіп, мегаватт-сағатына (МВт-сағ) 27,4 еуроға дейін төмендеді. Соңғы рет газ бағасының бұл деңгейі 2021 жылдың маусым айында тіркелді.

Астананы газдандыру қарқынын арттыру қажет
30.05.2023
Халықтың базалық инфрақұрылымға қолжетімділігін жақсартудың маңызды мәселелерінің бірі газдандыру болып табылады. Газдандыру ауылдар үшін де, ірі қалалар үшін де өзекті. Жылыту маусымының басталуымен жеке үйлерде пешпен жылыту басым болатын қала тұрғындары түтіннен зардап шегеді.

ҚР ҰБ базалық мөлшерлемесі және инфляция болжамы туралы
30.05.2023
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің 2023 жылғы 26 мамырдағы кезекті отырысында базалық мөлшерлемені 16,75 проценттік тармақ деңгейінде сақтау туралы шешім қабылданды. Өтімділікті беру бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша мөлшерлеме 17,75% деңгейінде, ал өтімділікті алу бойынша тұрақты қол жеткізу операциялары бойынша – 15,75% қалыптасты.

Қазақстандағы газ саласының ағымдағы жағдайы
26.05.2023
Қазақстан барланған және расталған табиғи газ қоры бойынша топ-20 елдің қатарына кіреді (0,89%).

Қазақстанда диджитал оқытудың болашағы бар ма?
25.05.2023
Білім әлемдегі ең ірі салалардың бірі болып табылады, ол әлемдік ЖІӨ-нің 6%-тен астамын құрайды. Халықаралық білім нарығын талдауға маманданған HolonIQ платформасының мәліметтері бойынша, бұл сала цифрландыру тұрғысынан айтарлықтай артта қалып отыр: жаһандық шығындардың небәрі 3,6%-і (2 227 млрд) диджитал білімге жұмсалады.

Жақсылықтың аты бар
23.05.2023
Қайырымдылық әлеуметтік жетілу мен қоғамның жауапкершілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер әлеуметтік қолдау халық алдында міндетті мемлекеттік функция ретінде қабылданса, онда қайырымдылық адамдар мен ұйымдардың ерікті қимылы ретінде қарастырылады.

Қазақстандағы көмір саласының ағымдағы жағдайы
19.05.2023
Қазақстан расталған көмір қоры бойынша 29,4 млрд тонна (немесе әлемдік қорлардың 2,4%) мөлшерінде топ-10 елдің қатарына кіреді, мұнда 2/3 – қоңыр көмірге, 1/3-тас көмірге тиесілі.



Бет:  25 бастап 29   

 20  21  22  23  24  25  26  27  28  29





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!