Институт жаңалықтары


29.04.2025 ЕДБ экономикаға 2025 жылғы қаңтар-наурызда берген кредиттері 2025 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 36,6 трлн теңгеге жетті, бұл ретте, қарыздардың шамамен 73,6%-ы ұлттық валютада берілді. Жыл басынан бері кредиттеу көлемінің өсуі +1,8% құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен едәуір төмен (2024 жылғы қаңтар-наурызда +2,7%). Кредиттеудің әртүрлі сегменттерінің даму динамикасы көп бағытты үрдістерді көрсетеді: 2025 жылдың алғашқы үш айында халыққа берілген заемдар көлемі 3,4%-ға ұлғайды, бұл ретте, бизнесті кредиттеу 0,34%-ға қысқарды. Төмендегі кестеден көріп отырғанымыздай, азаматтарға берілетін қарыздардың үлесі өсуді жалғастырып келеді және жалпы көлемнің 58%-дан астам бөлігін құрайды. Ұзақ мерзімді перспективада бұл үрдісті нығайту қаржылық тұрақтылық үшін елеулі тәуекелдерге әкелуі мүмкін, өйткені тұтынушылық кредиттеуге баса назар аудару экономиканың ішкі және сыртқы күйзелістерге осалдығын арттырады.
25.04.2025 Елдер бойынша инфляция (наурыз, 2025 ж.) Еуропа мен АҚШ елдерінде инфляция орта есеппен 0,3% - 8,8% ауқымында тұр. Минималды көрсеткіштер Швейцарияда (0,3%), Лихтенштейнде (0,3%) және Францияда (0,8%) байқалды, бұл ретте, максималды мәндер Венгрияда (4,7%), Польшада (4,9%), Белоруссияда (5,9%) және Молдовада (8,8%) тіркелді. Еуроаймақтағы жылдық инфляция ақпандағы 2,3%-бен салыстырғанда наурыздағы 2,2%-ға дейін баяулады. Бағаның өсуі қызмет көрсету саласында (3,7%-дан 3,5%-ға дейін) және энергия тасымалдаушыларда (0,2%-дан -1,0%-ға дейін) баяулады. Сонымен бірге, инфляция өңделмеген азық-түлікке (3%-дан 4,2%-ға дейін) жеделдеді, ал азық-түлік емес тауарлар сол деңгейде қалды (0,6%). АҚШ-та инфляция 2025 жылғы наурызда 2,4%-ға дейін баяулады. Энергия тасымалдағыштарға бағалар 0,2%-дан 3,3%-ға дейін төмендеді, ал бензинге баға (-9,8% қарсы -3,1%) және мазут (-7,6% қарсы -5,1%) түсуін жалғастырды, бұл ретте, табиғи газдың бағасы едәуір өсті (9,4% қарсы 6,0%).


Бет:  2 бастап 140   

 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!